homepage
t.me/madenietaqparat

Белгілі қазақ кинорежиссері өмірден өтті

05.08.2026, 11:08

Белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті, деп хабарлайды Juzmedia.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Ардақ Жамансарыұлы ұлттық кино өнерінің дамуына саналы ғұмырын арнап, қазақ кинематографиясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Ол дарынды режиссер ғана емес, білікті ұстаз әрі тәлімгер ретінде бірнеше буын киногердің қалыптасуына ықпал етті.

Режиссердің «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» және басқа да туындылары қазақ киносының алтын қорынан орын алып, ел тарихын, халықтың рухани құндылықтарын және адам тағдырын терең бейнелеген шығармалар ретінде жоғары бағаланды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Ардақ Әмірқұловтың жарқын бейнесі мен қазақ мәдениеті мен кино өнеріне сіңірген елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Ведомство марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.