Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының 91%-ы жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзуынан болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің мәліметінше, жол апаттарына ең жиі себеп болатын заңбұзушылықтар:
Сонымен қатар, 2026 жылдың алғашқы алты айында республикалық маңызы бар жолдардағы жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға азайып, 1507-ден 1371 жағдайға дейін төмендеген. Бұл кезеңде жолдардағы көлік қозғалысы, керісінше, 37%-ға артып, 22,3 млн көлік құралын құрады.
Көлік министрлігі бұл нәтижеге ақылы жолдардағы орташа жылдамдықты бақылау жүйесінің енгізілуі де ықпал еткенін атап өтті. Ұзындығы 2,3 мың шақырымды қамтитын учаскелерде жол апаттары 17%-ға азайған.
Осыған байланысты ведомство жүргізушілерді белгіленген жылдамдықты сақтауға, қауіпті басып озудан бас тартуға, шаршаған күйде көлік жүргізбеуге және балаларды міндетті түрде қауіпсіздік белдігі мен арнайы орындықта тасымалдауға шақырды.