Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы жаңартылған мәлімет жариялады. Ресми статистикаға сәйкес, еліміздегі халық саны 20 590 589 адамға жеткен. Жыл басынан бері қазақстандықтар саны 90 767 адамға артқан.
Екі миллионнан астам тұрғыны бар өңірлер:
Алматы қаласы – 2 373 772 адам (жыл басынан бері +25 669 адам);
Түркістан облысы – 2 145 680 адам. Бұл өңірде халық саны екі миллионнан асқанымен, жыл басынан бері 3 525 адамға азайған.
Бір миллионнан астам тұрғыны бар өңірлер:
Астана – 1 682 721 адам;
Алматы облысы – 1 612 393 адам;
Шымкент – 1 310 681 адам;
Жамбыл облысы – 1 212 698 адам;
Қарағанды облысы – 1 130 377 адам.
Ең аз қоныстанған өңірлер:
Ұлытау облысы – 218 015 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы – 511 982 адам;
Абай облысы – 592 895 адам.
Статистикаға сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде қала тұрғындарының саны 13 190 585 адамды құрады. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 105 475 адамға өскен.
Ал ауылдық жерлерде 7 400 004 адам тұрады. Жыл басынан бері ауыл халқы 14 708 адамға азайған.