homepage
фото: ҚТЖ

Екі айда 70 теміржол вокзалы жаңартылды

03.08.2026, 12:39

Маусым мен шілде айларында Қазақстанда 70 теміржол вокзалы жаңғыртылды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы». 

Теміржол бекеттерін жаңғырту Тоқаевтың тапсырмасымен жүхеге асып жатыр. Қайта жаңарту жұмыстары ҚТЖ-ның өз қаражаты есебінен, Үкімет, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» және жергілікті әкімдіктердің қолдауымен жүргізілуде.

Жаңғырту барысында вокзалдардың қасбеті, шатыры, инженерлік жүйелері мен ішкі бөлмелері толық жаңартылып, бейнебақылау, өрт қауіпсіздігі және қолжетімділік жүйелері орнатылды. Сондай-ақ пандустар, лифтілер, тактильді бағыттағыштар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инфрақұрылым жасалды.

Бірқатар вокзалдардың аумағы да кеңейтілді. Мәселен, Орал вокзалының ауданы 5 778 шаршы метрден 6 346 шаршы метрге дейін ұлғайса, Шетпе, Шалқар, Қазыбек бек, Жетісу, Мақат, Сағыз, Доссор және Шамалған станцияларындағы вокзалдар да кеңейтілді.

ҚТЖ мәліметінше, вокзалдарды жаңғырту теміржол саласын дамыту бағдарламасының бір бөлігі. Сонымен қатар компания жаңа теміржол желілерін салу, жылжымалы құрамды жаңарту және цифрлық технологияларды енгізу жұмыстарын қатар жүргізіп жатыр.