homepage
фото: ашық дереккөзден

Елде бензин қымбаттады ма?

03.08.2026, 11:56

Қазақстанның ірі қалаларында бензин, дизель отыны және автогаз бағасы аздап көтерілді. Жанармай құны өңірге, сондай-ақ жанармай құю стансаларының баға саясатына байланысты аздап өзгереген. 

Ең көп тұтынылатын АИ-92 бензині Астанада литріне 247 теңге, Алматыда 245–249 теңге, ал Шымкентте 232–235 теңге аралығында сатылып жатыр.

АИ-95 бензинінің бағасы Астанада 315–319 теңге, Алматыда 320–327 теңге, Шымкентте 304–306 теңге болса, АИ-98 маркалы жанармай Астанада 355–365 теңге, Алматыда 360–380 теңге, Шымкентте 345–350 теңге тұрады.

Дизель отынының литрі Астанада 337 теңге, Алматыда 343–345 теңге, Шымкентте 340–343 теңге көлемінде, ал сұйытылған мұнай газының (автогаз) бағасы Астана мен Алматыда 112 теңге, Шымкентте 102 теңгеден сатылып жатыр.