homepage
depositphotos.com

«Үкімді өзгертіп беремін»: экс-әкімнен 4 млн теңге алған әйел сотталды

02.08.2026, 14:37

Ақтөбе облысы Шалқар қаласының бұрынғы әкіміне ақтау үкімін шығарып беремін деп уәде етіп, 4 млн теңге алған әйел алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, бұған дейін экс-әкім 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Сот шешімімен келіспеген ол заңгерлік көмек іздеп, туысының кеңесімен 54 жастағы әйелмен кездескен.

Әйел өзін мәселені шеше алатын адам ретінде таныстырып, ақтау үкіміне қол жеткізу үшін 8 млн теңге қажет екенін айтқан. Экс-әкім оған ешқандай келісімшартсыз және қолхатсыз 4 млн теңге берген.

Бір аптадан кейін күдікті қалған ақшаны да дайындауды сұрап, мәселе шешіліп жатқанын айтқан. Алайда сот үкімі өзгеріссіз қалып, кейін әйел алған ақшаны қарыз ретінде рәсімдеуге тырысқан.

Тергеу барысында оның бұдан өзге де алаяқтық әрекеттерге қатысы бары анықталды. Әйел сыбайласымен бірге азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы пәтер алып беруге уәде берген.

Жәбірленушілердің бірі Астанадан бір екі бөлмелі және үш үш бөлмелі пәтер аламын деген үмітпен күдіктілерге 47 млн теңге тапсырған.

Сот шешімімен екі әйел де 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Негізгі айыпталушы сот залында қамауға алынса, сыбайласына кәмелетке толмаған баласы болғандықтан жазасын өтеу үш жылға кейінге шегерілді.

Сондай-ақ сот оларды жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды толық өтеуге міндеттеді.

Теги: