homepage
depositphotos

Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 25,8 трлн теңгеден асты

02.08.2026, 11:19

Қазақстандықтардың банктер алдындағы жалпы несие көлемі 25,8 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға, ал жыл басынан бері 4,4%-ға көбейген, деп хабарлайды Juzmedia.kz агенттігі LS-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық банктің 1 шілдедегі дерегіне сәйкес, ең көп несие Алматы қаласының тұрғындарына тиесілі – 7,6 трлн теңге. Одан кейін Астана (4,2 трлн теңге) және Шымкент (2,05 трлн теңге) орналасқан.

Несие құрылымында ең үлкен үлесті тұтынушылық несиелер құрайды. Олардың жалпы көлемі 17,3 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 13%-ға артқан.

Ал ипотекалық несиелердің көлемі 7,4 трлн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 17,4%-ға өскен. Бұдан бөлек, өзге мақсаттарға рәсімделген несиелер көлемі 1 трлн теңгеден асып, бір жылда 20,5%-ға ұлғайған.

Сонымен қатар мерзімі өткен берешек көлемі де артып отыр. 1 шілдедегі жағдай бойынша ол 1,1 трлн теңгеден асып, жыл басымен салыстырғанда 11,9%-ға көбейген.

Оның басым бөлігі тұтынушылық несиелерге тиесілі – 1,06 трлн теңге. Ал ипотекалық несиелер бойынша мерзімі өткен қарыз 30,6 млрд теңгеден асты.