homepage
t.me/olympickz

Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз алтын медаль алды

02.08.2026, 10:27

Әзербайжанның Баку қаласында күрестен U17 әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Ол финалда Аарьянмен (Үндістан) күш сынасты. Нәтижесінде Бақдәулет Ағабек 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.