ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Daryn.online білім беру платформасына қатысты жоспардан тыс тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тексеру ашық ақпарат көздерінде платформа пайдаланушыларының 4,2 миллион жазбадан тұратын дербес деректері тарап кетті деген ақпарат жарияланғаннан кейін жүргізілген.
Комитет мәліметінше, тексеру барысында бұл ақпарат расталмаған.
Ведомство хабарлауынша, Daryn.online ақпараттық жүйесінде нақты сақталған дербес деректер көлемі 90 мыңнан астам жазбаны ғана құрайды. Сондықтан жарияланған көлемдегі деректердің осы платформадан таралуы мүмкін емес деген қорытынды жасалған.
Сонымен қатар тексеру барысында компанияның дербес деректерді қорғау талаптарын толық орындамағаны анықталды. Атап айтқанда, заңда көзделген ұйымдастырушылық және техникалық қауіпсіздік шараларының сақталуына қатысты кемшіліктер табылған.
Осыған байланысты «Daryn.online» ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Министрлік соңғы уақытта жеке сектор ұйымдарын тексеру кезінде дербес деректерді қорғау саласында бірқатар жүйелі заңбұзушылықтар анықталып жатқанын атап өтті. Олардың қатарында:
Осыған байланысты министрлік барлық ұйымдарға дербес деректерді заң талаптарына сай өңдеуді, қорғау жүйелерін күшейтуді және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды тағы бір мәрте ескертті.