homepage

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот шешім шығарды

Juzmedia. kz
22.10.2024, 12:46

Сот оның бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттары мен тәртібін «қасақана» бұзғанын анықтады.

«Осылайша, сотталған Болат Нұрасыл Дәулетұлына жазаны өтеу шарттары мен үкімді орындамағаны үшін жауапкершілік ескертіліп, бүгінгі күні сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеу түріндегі тәртіпті қасақана бұзған. Бұл - қасақана заң бұзушылық», - деді Алматы қаласының N2 Медеу сотының судьясы Қанат Әрінов.

Осыған байланысты сот Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу түріндегі өтелмеген жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру қажет деп таныды. 

«Алматы гарнизоны әскери сотының 2023 жылғы 9 қазандағы үкімі бойынша Нұрасыл Болаттың өтелмеген 1 жыл 5 ай 10 күндік бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстырылсын.

Болат Нұрасыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жіберілсін.

Жазаны өтеу орны қауiпсiздiгi орташа қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемесi болып белгiленедi. Бас бостандығын шектеу түріндегі өтелмеген мерзім бас бостандығынан айырудың 1 күні - бас бостандығын шектеудің 1 күні мөлшерінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылады», - деп қосты судья.

Нұрасыл Болат сот залында қамауға алынды.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.