homepage
Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

01.08.2026, 10:28

Қостанай облысында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, соның салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Қостанай – Қарабұтақ тасжолының Бейімбет Майлин ауданына қарасты Валерьяновка ауылының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Chery Cowin автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mazda 626 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Салдарынан Chery Cowin жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар осы көліктегі тағы үш жолаушы мен Mazda 626 жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, соңғы уақытта республикалық маңызы бар тасжолдарда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғалары жиілеп отыр. Осыған байланысты полиция жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, қарсы бағытқа шықпауға және жолда барынша сақ болуға шақырады.