homepage
фото: ашық дереккөзден

Аптап ыстық пен найзағай: 1 тамызға ауа райы

31.07.2026, 23:11

Аптап ыстықтың беті қайтар емес. Ертең, 1 тамызда еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі. Ал, елдің солтүстік, орталық және батыс бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Түркістан мен Қызылордада және Шымкентте сынап бағанасы +40 градустан асады. Қонаевта +37…+39°C, Таразда +36…+38°C, Жезқазғанда +36…+38°C, Алматы мен Астанада +35…+37°C болады.

Ал Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл және Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. 

Синоптиктер тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында мүмкіндігінше көлеңкеде болуға, көп сұйықтық ішуге және найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.