homepage
Фото: AP

Тоқаев Такаичиге көңіл айтты

31.07.2026, 17:42

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айтты. Елде жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 35-ке жетті. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, демек қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін. Зілзаладан 120-дан астам адам жарақат алса, мыңдаған азамат жарықсыз, сусыз қалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Сейсенбі күні сейсмологтар Кумамото аймағында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпуі Уки және Кикава қалаларында қатты сезілген. Мамандар аймақта жер сілкінісі қайталануы мүмкін деген қауіпті болжам айтып отыр.