homepage
Фото: Ақорда

Шолпан-Атадағы кездесу: ОА басшылары не талқылайды?

31.07.2026, 13:22

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен бүгін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға сапармен барды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазақстан президентін әуежайдан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Саммит бейресми форматта, қатаң регламент пен хаттамалық шектеулерсіз өтеді.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл форматқа белсенді қатысып, ортақ жұмыстың нақты бағыттарын ұсынып келеді. Атап айтқанда, су және энергетикалық ресурстарды бірлесіп пайдалану, сауда мен көлік байланыстарын дамыту, қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ достық пен ынтымақтастық туралы шарт әзірлеу мәселелері.

Бұл форматта Әзербайжанның да рөлі ерекше. Себебі дәл осы ел арқылы Орталық Азия мемлекеттері Оңтүстік Кавказға, Түркияға және әрі қарай Еуропаға шыға алады. Ал кері бағытта Қытай мен Азияның өзге де нарықтарына жол ашылады. Сондықтан кездесудің басты тақырыптарының бірі - Каспий теңізі арқылы жүк тасымалын дамыту болуы ықтимал, дейді сарапшылар.