Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағында алаяқтық колл-орталықтардың қызметін тоқтату барысында Корея Республикасының 14 азаматын ұстады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҰҚК мәліметінше, оларды өз елінің құқық қорғау органдары телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында алаяқтық жасаған деген күдікпен тергеп жатыр.
“Күдіктілердің тұрған жерлеріне жүргізілген тінту барысында заңсыз әрекеттерде қолданылған компьютерлер, ноутбуктер мен ұялы телефондар тәркіленді”, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматтар процестік іс-шараларды жүргізу және кейіннен елден депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.