homepage
© AP Photo / Ebrahim Noroozi

Германияда аптап ыстықтан 10 мыңға жуық адам көз жұмды

30.07.2026, 16:24

Германияда биылғы аптап ыстық салдарынан қайтыс болғандар саны 9,8 мыңға жетті. Бұл туралы елдің Роберт Кох институты жариялаған соңғы есепте айтылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Reuters агенттігінің жазуынша, 19 шілдедегі жағдай бойынша аптаптан көз жұмғандар саны 9 800 адамды құраған. Бұл – 2016 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Институттың бағалауынша, маусым айының соңындағы ерекше ыстық толқыны қалыпты климаттық жағдайдан айтарлықтай асып түскен.

Есепке сәйкес, қайтыс болғандардың басым бөлігі - 75 жастан асқан азаматтар. Мамандар алдағы күндері де жоғары температура сақталатындықтан, аптапқа байланысты өлім-жітім көрсеткіші әлі де артуы мүмкін екенін ескертті.

Синоптиктер болжамынша, Германияның бірқатар өңірінде ауа температурасы тағы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеу, сұйықтықты көбірек ішу және қарт адамдар мен созылмалы ауруы бар жандарға ерекше көңіл бөлу ұсынылды.