Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің жағалауында демалушыларға қауіп төндірген жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Polisia.kz мәліметінше, 40 жастағы Тараз қаласының тұрғыны Mercedes-Benz автокөлігімен көл жағалауында және су ішінде көлік жүргізген. Ол кезде жағалауда адамдар, оның ішінде балалар шомылып жүрген.
Полиция құқық бұзушыны анықтап, оған қатысты әкімшілік шара қолданды.
Сот шешімімен жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынып, автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.
Құқық қорғау органдары азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мұндай әрекеттерге заң аясында қатаң шара қолданылатынын ескертті.