Талдықорған қаласындағы жағажай аумағынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға орнынан түсірілген бейне әлеуметтік желілерде тарады.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның жасы шамамен 50-55 шамасында болған.
Полицияның хабарлауынша, денеден зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта ер адамның жеке басы мен өлімінің нақты себебі анықталуда. Оқиға орнына жедел және құқық қорғау қызметкерлері барған.
Осыған байланысты полиция тұрғындар мен өңір қонақтарын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Атап айтқанда, суға түсу кезінде алкогольдік ішімдік ішпеуге, арнайы жабдықталған қауіпсіз аумақтан шықпауға және судағы қауіпсіздік талаптарын бұзбауға кеңес берді.