homepage
фото: ЖИ арқылы жасалды

Шетелдегі еңбек құлдығынан 17 қазақстандық құтқарылды

29.07.2026, 17:26

Жыл басынан бері Мьянма, Камбоджа және Лаоста адам саудасы мен еңбек қанауының құрбаны болған 17 қазақстандық елге қайтарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Таиландтағы Қазақстан елшілігінің көмегімен Мьянмадан 5 азамат елге оралған. Сонымен қатар Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің қатысуымен Камбоджадан 8 және Лаостан 4 қазақстандық елге жеткізілген.

Ведомство дерегіне сәйкес, 2022 жылдан бері шетелдегі қазақстандық дипломаттардың көмегімен заңсыз ұстап тұру мен еңбек қанауына тап болған жалпы 66 Қазақстан азаматы Отанына қайтарылды.

Айта кетейік, бұған дейін кейінгі жылдары тек Мьянманың өзінен 49 қазақстандықтың елге қайтарылғаны хабарланған.