homepage
Видеодан кадр

Ақтөбе облысында жол апатынан үш кенші қаза тапты

29.07.2026, 17:49

Ақтөбе облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қайғылы оқиға 28 шілдеде Самара – Шымкент тасжолының Хромтау қаласы маңында тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, Audi жеңіл көлігі мен «ГАЗель» автокөлігі соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапса, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп бара жатқан жолда көз жұмған.

Белгілі болғандай, жол апатынан көз жұмғандардың барлығы Дөң кен-байыту комбинатының қызметкерлері болған. Олар жеке автокөлікпен жолға шыққан.

“Қазіргі уақытта полиция жол-көлік оқиғасының себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген ПД хабарламасында.