Алматыда «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдерді қарау аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 1-15 маусым аралығында kezekte.kz порталы арқылы бағдарламаға қатысу үшін 5 363 өтінім қабылданған.
Құжаттарды тексеру нәтижесінде 3 968 өтінім мақұлданды. Биыл бағдарлама аясында кемінде 1 650 тұрғын үй несиесін беру жоспарланып отыр. Жолдамалар кезектің жиналуын болдырмау үшін апта сайын 550 қатысушыға кезең-кезеңімен табысталады.
Несиені қалай алуға болады?
«Отбасы банкінде» төлем қабілеттілігін растаған қатысушыларға 45 күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтан баспана таңдап, 20 млн теңгеге дейін тұрғын үй несиесін рәсімдеуге мүмкіндік беріледі.
Егер жолдама алған үміткер төлем қабілеттілігін дәлелдей алмаса немесе белгіленген мерзімде баспана таңдамаса, оның орнына келесі үміткерге мүмкіндік беріледі.
Неліктен кейбір өтінімдер қабылданбады?
Бағдарлама талаптарына сәйкес келмегендіктен 1 395 өтінім кері қайтарылды. Негізгі себептер:
Өтінімі мақұлданған және қабылданбаған қатысушылардың тізімі kezekte.kz порталында жарияланады.