Қытайлық инвесторды зорлады деген күдікке ілінген Түркістан облыстық мәслихатының депутаты қамауға алынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Бұл ақпаратты Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Оқиғаның мән-жайы
Бәйдібек аудандық полиция бөліміне алматылық азаматтың атынан арыз түскен. Оның айтуынша, ол Қытайдан келген төрт әлеуетті инвестормен бірге Байжансай ауылына қорғасын-мырыш кен орнын игеру жобасын талқылау үшін барған. Делегацияны аудандық мәслихат депутаты Ерғали Аманбаев қарсы алып, қонақтардың демалысын ұйымдастырған. Арыз иесі депутаттың 34 жастағы Қытай азаматшасын көлікпен елді мекеннен тыс жерге алып барып, еркінен тыс жыныстық қатынасқа итермелегенін жазған.
Полиция не дейді?
Бұл ақпаратты Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады ведомство.