homepage

АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады: 18 адамның мәйіті табылды

Juzmedia. kz
30.01.2025, 14:45

Вашингтон аспанында жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ соқтығысып, соның салдарынан ұшақ Потомак өзеніне құлап кеткен. Өзеннен кем дегенде 18 адамның денесі шығарылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

CBS арнасының жазуынша, қайғылы оқиға 29 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 шамасында болған.

American Airlines басқаратын азаматтық Bombardier CRJ700 бортында 64 адам, оның ішінде төрт экипаж мүшесі болған.

Ал әскери Black Hawk тікұшағында үш әскери қызметкер болған, олардың қаза тапқаны расталды.

“Ұшақ құлаған жердегі судан кем дегенде төрт адам аман-есен шығарылды. Құтқарылған адамдарға көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Полиция, өрт сөндірушілер және басқа да қызметтер қазір іздеу-құтқару операциясын үйлестіруде”, - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Потомак өзеніндегі су температурасы қазір Цельсий бойынша 2,7 градус болып тұр. Мұндай жағдайда дайындықсыз адамның аман қалуы 20 минуттан аспайды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.