Батыс Қазақстан облысындағы Орал орман шаруашылығында өрт тұтанды. Тілсіз жауды ауыздықтауға жүздеген адам мен ондаған техника жұмылдырылса да, ауыздықтау мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Орман өртіне авиацияның көмегімен 68 тонна су төгілген. Төтенше жағдай қызметкерлері өртті сөндіруге екпінді желдің кедергі жасап отырғанын айтады.
Ормандағы өртті сөндіруге шамамен 80 адам, 10 бірлік жерүсті техникасы және 2 тікұшақ жұмылдырылған.
Жалпы, кеше бір күнде Қазақстан аумағында бес орман өрті тіркелсе, соның екеуі осы БҚО-да тұтанған. Орман өртінің бір себебі аптап ыстық болып тұр. Синоптиктер шілденің соңғы күндері ауа температурасы тағы да қатты көтерілетінін айтып, ескерту жасап отыр.