28-30 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы қайта көтеріледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Дегенмен кей өңірде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Жекелеген аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.
«Қазгидромет» мәліметінше, атмосфералық ағындар әсерінен еліміздің көп бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Ал Қазақстанның оңтүстігінде Иран аумағынан келетін құрғақ ауа массаларының әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Алдағы күндері елдің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Күндіз:
Батыс өңірлерде ауа температурасы біртіндеп төмендеуі мүмкін.