Павлодар облысының Баянауыл ауданында бұрғылау-жару жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қайғылы оқиға 24 шілдеде «Майкубен Вест» АҚ аумағында болған.
1984 жылы туған ер адам кәсіпорында тау-кен шебері болып жұмыс істеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұрғылау-жару жұмыстары кезінде ол ауыр жарақат алған. Жарақатының салдарынан жұмысшы көз жұмды.
Бұл туралы Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті хабарлады.
Қазір қайғылы жағдайға байланысты еңбек инспекциясы тергеу жүргізіп жатыр. Мамандар оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын айтты.
Дереккөз: Kazinform