Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер талқыланды.
Облыс әкімі Президентке ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым құрылысы туралы баяндады.
Кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңарту, көлік инфрақұрылымын дамыту және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы Атырау облысының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.