Екібастұзда қоқыс жинайтын орыннан әйел адамның дене мүшелері салынған қаптар табылды. Қайғылы жағдайға қатысты ақпарат әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға Мұхтар Әуезов көшесіндегі қоқыс жәшіктері орналасқан алаңда болғаны хабарланды.
Павлодар облысының полиция департаменті әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады полиция.
Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.