Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі мерзімді әскери қызметтегі сарбазды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Әскери полиция мәліметінше, 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 06:30 шамасында 27943 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Мархан Айқын Ерланұлы тәуліктік кезекшілік кезінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол әскери бөлім аумағынан әскери киіммен шыққан. Кейін азаматтық киімге ауысуы мүмкін.
Сарбаздың өзімен бірге қаруы болмаған.
Іздеудегі әскери қызметшінің белгілері:
Қазіргі уақытта әскери полиция ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сарбаздың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды:
Берілген ақпараттың құпиялылығы сақталады.
Іздестіру жұмыстары ҚР Қарулы күштері Әскери полиция бас басқармасының бақылауына алынды.