homepage
Видеодан кадр

Дастан Сәтпаев «Челси» сапында алғаш рет халықаралық матчқа шығуы мүмкін

27.07.2026, 10:24

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челси» сапында халықаралық деңгейдегі алғашқы матчын өткізуі мүмкін. Лондондық клубтың Аустралиядағы алғашқы жолдастық кездесуі 28 шілдеде өтеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Челси» Сиднейде жергілікті «Вестерн Сидней Уондерерс» командасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен бүгін сағат 14:45-те басталады.

Бұған дейін Дастан Сәтпаев «Челси» сапында жабық форматтағы жолдастық кездесуге қатысқан. Алайда «Кроули Таунға» қарсы өткен ойын клубтың Кобхэмдегі жаттығу базасында ұйымдастырылған.

Сондықтан Австралиядағы матч қазақстандық футболшы үшін клуб сапындағы халықаралық деңгейдегі алғашқы ресми көрініс болуы мүмкін.

«Челси» 1 тамызда тағы бір жолдастық кездесуде «Тоттенхэммен» ойнайды. Ал Сәтпаевтың командадағы болашағына қатысты соңғы шешімді клубтың бас бапкері Хаби Алонсо қабылдайды деп болжанып отыр.

Айта кетейік, қазақстандық футболшы «Челси» сапында ресми түрде 18 жасқа толғаннан кейін ғана ойнай алады. Дастан Сәтпаев тамыз айында кәмелет жасына толады.

Бұған дейін «Челси» әлеуметтік желідегі парақшаларында команданың Аустралияға келген сәтінен видео жариялаған. Кадрларда клуб автобусының жанынан шыққан футболшылардың арасынан Дастан Сәтпаев та көрінді.