homepage
zakon.kz

Алматыда түнгі жол апатынан екі қыз қаза тапты

27.07.2026, 09:39

Алматыда түнде болған жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қалалық ПД хабарлауынша, қайғылы жол апатыт 27 шілдеге қараған түні сағат 03:10 шамасында Алатау ауданында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Suzuki көлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында кері бағытқа бұрылмақ болған кезде шығыс бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Suzuki көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Көліктегі тағы бір жолаушы мен Mercedes жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.