homepage
worldrowing.com

Отандасымыз ескек есуден әлем чемпионатының финалына шықты

Бүгін, 10:56

Қазіргі таңда Германияның Дуйсбург қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында академиялық ескек есуден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық олимпиада комитенінен хабарлағандай, қазақстандық Артем Матусевич жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сынның (LM1x) жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.

Отандасымыз өз жарысында 07:07.75 уақыт көрсеткішімен екінші орын алып, шешуші кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, осы бағдарлама бойынша финалдық жарыс 26 шілдеде өтеді.