homepage

Тоқаев Путиннің шақыруымен Ресейге барады

Бүгін, 09:37

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 шілдеде Ресейдің Омбы қаласына барады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сапар Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен ұйымдастырылып отыр.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барады", - делінген Ақорда хабарламасында.

Іс-шара аясында мемлекет басшыларының кездесуі жоспарланған.