«Несие тарихы маңызды емес», «15 минутта ақша», «Барлығына мақұлдау» деген жарнамалардың артында көбіне «сұр» несиегерлер тұрады. Олар банк немесе микроқаржы ұйымы емес, сондықтан қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды айналып өтіп, азаматтық-құқықтық шарттар арқылы қарыз береді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Fingramota сарпашылары осындай несиегерлер қолданатын ең қауіпті тәсілдерді атап көрсетті.
Қандай айла қолданады?
Мысалы, қолыңызға 2 млн теңге алсаңыз да, құжатта 4,4 млн теңге алғаныңыз жазылады. Соның салдарынан несиені мерзімінен бұрын өтесеңіз де, артық төлем азаймайды.
3 млн теңге үшін құны ондаған миллион тұратын пәтер немесе көлік кепілге қойылады. Төлем аздап кешіксе де, несиегер кепілдегі мүлікті өндіріп алуға әрекет етуі мүмкін.
«Бұл тек кепіл үшін» деп түсіндіргенімен, іс жүзінде адам өз пәтері немесе көлігінің меншік құқығынан айырылып қалуы ықтимал.
Бірнеше күн кешіктіргеннің өзінде қарыз көлемі күрт өсіп, борышкер қарыз тұзағына түседі.
«Сұр» несиегерді қалай тануға болады?
Мамандар мына белгілерге назар аударуға кеңес береді:
Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, барлық құжаттарды сақтап, мүмкіндігінше тезірек заңгердің көмегіне жүгінген жөн. Бұл құқықтарыңызды қорғауға және мүлкіңізден айырылып қалмауға көмектеседі.