Түркістан облысы Түлкібас ауданынында 2 жасар бала әжетханаға құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оtyrar телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 22 шілдеде болған.
2024 жылы туған бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып, ауладағы тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға абайсызда құлап кеткен.
Құтқарушылар келіп баланың денесін сыртқа шығарған, алайда сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады.
«Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел медициналық жәрдем қызметінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының күштері жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен баланың денесі сыртқа шығарылды», - деп хабарлады Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі.