homepage
Depositphotos.com

Қарағанды облысында өндіріс орнында жұмысшы қаза тапты

24.07.2026, 10:43

Қарағанды облысында «Алтыналмас АК» АҚ-ның өндірістік нысандарының біріне қарасты тау-кен байыту кешенінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 23 шілдеде сағат 11:30 шамасында болған. 

«Пустынное» ТБК аумағында адам өліміне әкелген жазатайым оқиғаның орын алғанын қайғыра хабарлаймыз. «Пустынное» ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі Карим Рымбаев қаза болды», – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын уәкілетті мемлекеттік органдар анықтап жатыр.

Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін хабарлады.