homepage

Біреуі комада жатыр: Атырауда прокурор мен салық қызметкері төбелескен

Juzmedia. kz
29.01.2025, 21:28

Атырау қаласындағы ең қымбат орындардың бірі Beer House Villa-да прокурор Асқар Жанысбаев пен Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков және оның орынбасары Әліби Бағытжановтың арасында төбелес болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

БАСЫНАН СОҚҚЫ АЛЫП, АУРУХАНАҒА ЖЕТКІЗІЛГЕН КІМ?

“Ақ Жайық” басылымының жазуынша, оқиға 28 қаңтарда болған.

“Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Ә. Бағытжанов төбелестен кейін басынан соққы алып облыстық ауруханаға жеткізілген, қазір ол комада жатыр”, – делінген хабарламада. 

ПОЛИЦИЯ АҚПАРАТТЫ РАСТАДЫ

Аталған ақпаратты Атырау облыстық полиция департаменті растады.

“Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы (“Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру”) бойынша қылмыстық іс қозғалды”, - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ оқиғаның мән-жайы, соның ішінде оқиғаға прокуратура қызметкерінің қатыстылығын анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.