homepage
olympic.kz

Нысанаға оқ атудан әлем чемпионаты: Қазақстан алтын медаль жеңіп алды

23.07.2026, 16:46

Қозғалмалы нысанаға оқ атудан Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Ирназарова чемпион атанды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, қазақстандық спортшы 10 метр қашықтықтан қозғалмалы нысанаға оқ атудан алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Фатима украиналық Виктория Рыбовалованы жеңді.

Ал қола жүлдені тағы бір қазақстандық Зухра Ирназарова иеленді. Ол үшінші орын үшін өткен кездесуде венгриялық Бьянка Барбара Фаркашне Кецелиді жеңді.