Қазақстанда ескі және апатты тұрғын үйлерді жаңартудың жаңа нарықтық тетігі іске қосылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, елімізде 4 мыңнан астам тозығы жеткен және апатты көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың тұрғындарын жаңа баспанамен қамтамасыз ету үшін шамамен 3,2 триллион теңге инвестиция қажет.
Жаңа тетік аясында 40 мыңға жуық меншік иесін жаңа тұрғын үйге көшіру жоспарланып отыр. Бұл үшін жеке инвесторларды тарту көзделген.
Министрлік реновацияны тиімді жүзеге асыру мақсатында Жер және Құрылыс кодекстеріне, сондай-ақ тұрғын үй қатынастарына қатысты бірқатар заңдарға өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының кепілдігі арқылы құрылыс салушылардың реновация жобаларына қатысуына мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.
Жаңа жүйенің басты артықшылықтары:
Министрліктің айтуынша, реновация жобаларын іске асыруда жергілікті әкімдіктер маңызды рөл атқарады. Олар жаңартылатын үйлердің тізімін қалыптастырып, қала құрылысы құжаттарын уақытылы жаңартып отыруы тиіс.