Қазақстандағы екінші атом электр станциясының қуаттылығы оның орны анықталғаннан кейін белгілі болады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Ол үшінші станцияның салынуы да мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
АЭС ҚҰРЫЛЫСЫН КІМ БАҚЫЛАЙДЫ?
Брифингте журналистердің сауалын жауап берген Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясының бірінші энергоблогының құрылысы әдетте 10-12 жылға созылатынын, дегенмен Қазақстан мердігерлермен бұл кезеңді сегіз жылға дейін қысқарту мүмкіндігін талқылауды жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен қатар жобаны жеделдету қажет болғанымен, құрылыс сапасы жоғары деңгейде сақталады.
“АЭС құрылысының сапасы тек қазақстандық бақылаушы органдардың ғана емес, сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде МАГАТЭ-нің де қатаң бақылауында болады. Экологиялық, өрт қауіпсіздігі және техникалық талаптар жоғары деңгейде сақталады. Бұл, сарапшылардың пікірінше, құрылыс уақытын қысқарта отырып, тәуекелдерді болдырмауға көмектеседі”, - деді министр.
ҮШІНШІ СТАНЦИЯ ҚАШАН САЛЫНБАҚ?
Алдағы уақытта екінші атом электр станциясының орны таңдалады. Сәтқалиевтің айтуынша, қазірдің өзінде ықтимал орындарға талдау жүргізіліп, жұртшылықпен және экологтармен талқылау жоспарланған. Осыдан кейін Үкімет екінші ғана емес, үшінші станцияны да салу туралы шешім қабылдайды.
Екінші атом электр станциясының құрылысын алдын ала таңдап алынған мердігерлердің бірі немесе олардың консорциумы жүргізеді. Станцияның сыйымдылығы салынатын аймаққа байланысты анықталады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.