homepage
Depositphotos.com

Қазақстанда ең көп қолдан жасалатын банкноталар белгілі болды

22.07.2026, 17:59

2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 259 400 теңге болатын 57 жалған ақша белгісін анықтады. Оның ішінде 49 банкнота мен 8 монета бар, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,4 пайызға төмен.

Былтыр алғашқы жартыжылдықта 96 жалған ақша белгісі тіркелген болатын.

Қай банкноталар жиі қолдан жасалады?

Ең көп қолдан жасалған ақша – 2 000 теңгелік банкнота.

Жарты жыл ішінде оның 22 данасы анықталған. Бұл барлық жалған ақшаның 38,6 пайызын құрайды.

Одан кейін:

  • 10 000 теңгелік банкнота – 16 дана (28,1%);
  • 5 000 теңгелік банкнота – 11 дана (19,3%);
  • қалған 14 пайызы – жалған монеталар.

Ұлттық банк қандай ескерту жасады?

Ұлттық банк әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұлттық валютаға ұқсас баспа өнімдері сатылып жатқанын ескертті.

Мұндай өнімдерде «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» сияқты жазулар болады.

Осыған байланысты мамандар қолма-қол ақшамен есеп айырысқанда банкноталардағы жазуларға мұқият назар аударып, олардың түпнұсқалығын міндетті түрде тексеруге кеңес береді.