homepage
Depositphotos.com

Үндістанда тоннельде жарылыс болып, 20 адам қаза тапты

22.07.2026, 16:50

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Сикким штатында салынып жатқан тоннельде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті. Тағы бес жұмысшының тағдыры әзірге белгісіз, олар үйінді астында қалып қойған болуы мүмкін, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Жергілікті полицияның мәліметінше, жарылыс дүйсенбі күні тоннель ішіндегі метан газының сыртқа шығуынан болған.

Оқиға кезінде ұзындығы 7 шақырым болатын гидроэнергетикалық нысанның тоннелінде барлығы 25 адам жұмыс істеп жатқан.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр. Арнайы қызмет өкілдері үйінділерді аршып, із-түзсіз қалған жұмысшыларды іздеуде.