ҚР Бас прокурорының орынбасары өткен жылдың желтоқсанында Ақтау маңында құлаған ұшақ апатына қатысты тергеу барысы туралы тілшілер сауалына жауап берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мәжіліс кулуарында Ғалымжан Қойгелдиев жаңа мәліметтер туралы айтты.
"Мен бір ғана нәрсені айта аламын: тергеу жүріп жатыр, тергеу тобы ең тәжірибелі қызметкерлерден жасақталған. Сараптама тағайындалды. Іс оңай емес, оны өзіңіз де білесіз. Сондықтан нәтижені күтеміз», – деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Еске салайық, Әзірбайжан әуе компаниясының ұшағы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болған. 38 адам қаза тапты, оның ішінде алтауы қазақстандық. 29 жолаушы аман қалды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.