homepage
Видеодан кадр

Қазақстан шекарасында 200 жалған құжат анықталды

22.07.2026, 12:01

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері өткізу пункттерінде шекаралық бақылау барысында осындай 200 құқықбұзушылықтың жолы кесілген, деп хабарлайды Juzmedia.kz

мемлекеттік шекара арқылы жалған немесе бөгде құжатпен өтпек болған азаматтарды анықтау жұмыстары барысында белгілі болғандай, құқық бұзушылар жалған визаларды немесе басқа адамдардың деректері енгізілген құжаттарды пайдаланған.

Мұндай заңбұзушылықтар көбіне елдің оңтүстік шекарасындағы өткізу пункттерінде және халықаралық әуе рейстерінде тіркеледі.

ҰҚК мәліметіне сәйкес, 2025 жылы жалған және бөгде құжаттарды пайдаланудың 661 фактісі анықталған.

Ведомство жалған немесе бөгде құжаттарды пайдаланып мемлекеттік шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.