homepage
Қаржылық мониторинг агенттігі

Заңсыз тәлімбақтан Қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құс құтқарылды

22.07.2026, 10:55

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды қаласында Қызыл кітапқа енген жыртқыш құстарды заңсыз ұстаған тұрғынға қатысты тергеуді аяқтады. Оның ауласынан сирек кездесетін 35 құс тәркіленді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті сирек кездесетін жыртқыш құстарды заңсыз иемдену және ұстау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2017 жылдан бері Қарағандыдағы үйінің ауласында заңсыз тәлімбақ ұйымдастырған. Ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы табиғаттан заңсыз ауланған жыртқыш құстарды жеткізетін адамдармен байланыс орнатқан.

Тінту кезінде оның үйінен 35 жыртқыш құс табылып, тәркіленді. Олардың қатарында ителгі, бүркіт және лашын бар. Бұл құстар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және жойылып кету қаупі төнген жануарлар санатына жатады.

Күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ сот санкциясымен оған тиесілі Toyota 4Runner автокөлігіне тыйым салынды.

Қазіргі уақытта тәркіленген құстар Қарағанды хайуанаттар бағында уақытша күтімге алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін олар табиғи мекеніне жіберіледі.