homepage
Ақорда

Қазақстанның бірнеше елдегі елшісі ауысты

22.07.2026, 09:23

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 22 шілдеде бірқатар кадрлық өзгеріс туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен:

  • Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сонымен бірге Мемлекет басшысының жарлығымен:

  • Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.