Танымал тележурналист әрі продюсер Ерболат Мұхамеджан Respublica партиясы төрағасының кеңесшісі және партияның ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ерболат Мұхамеджанның журналистика саласында мол тәжірибесі бар. Ол бұған дейін республикалық телеарналарда еңбек етіп, авторлық және сараптамалық жобалар әзірлеген. Кейін медиа, білім беру және мемлекеттік басқару бағыттарында да қызмет атқарды.
Журналист кәсіби тәжірибесін шетелдік тағылымдамалармен толықтырған. Атап айтқанда, Bloomberg TV арнасының Гонконг пен Лондондағы бөлімдерінде тәжірибеден өткен. Сондай-ақ халықаралық журналистік және білім беру бағдарламаларына қатысқан.
Ерболат Мұхамеджан – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты және «Құрмет» орденінің иегері. 2025 жылдың қарашасында ол Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені директорының кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын.
Оның Respublica партиясындағы жаңа қызметке келуі партия үшін маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр.
Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауына қатысу үшін партияның тізімін тіркеді.
Тізімге 75 кандидат енді.