Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті артық немесе қате төленген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды қайтару тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Салық кодексіне сәйкес, артық (қате) төленген қаражат салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қайтарылады. Ақша өтініште көрсетілген банк шотына аударылады.
Өтініш белгіленген нысан бойынша берілуі тиіс. Оны:
Департаменттің мәліметінше, бұл қызмет «e-Otinish» платформасы арқылы көрсетілмейді.
Сондай-ақ жеке шоттары жүргізілетін салықтар мен төлемдерді қайтаруды – жеке шот жүргізілетін жердегі Мемлекеттік кірістер органы, ал жеке шот жүргізілмейтін төлемдерді (мысалы, мемлекеттік баж, тіркеу алымы) – төлем жасалған жердегі орган жүзеге асырады.
Ведомство азаматтарға артық немесе қате төленген сомаларды уақытылы қайтару үшін өтінішті дұрыс нысанда және тиісті арна арқылы беруді ескертті.