homepage
Juzmedia.kz

Қазақстанға заңсыз көлік әкелудің жолы кесілмек

21.07.2026, 14:29

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл жұмыстарды Қаржы министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп 10 күн ішінде дайындауы тиіс, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Үкімет басшысы елімізде көлік құралдарын заңсыз әкелу фактілері әлі де кездесетінін айтты.

Оның айтуынша, мұндай автокөліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келмейді.

Сондай-ақ бұл мәселе кедендік заңнаманы қолданудағы олқылықтармен де байланысты.

Олжас Бектенов кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы жаңа тәсілдерді биылғы 1 қыркүйектен бастап енгізуді тапсырды.

«Қолданыстағы заңнамалық нормаларды түсіндіру барысында нақты әрі айқын ұстаным болуы тиіс. Кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы тиісті тәсілдер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс. Қабылданып жатқан барлық шаралар бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.