Қазақстанда дербес деректерді қорғау саласындағы талаптар заңнамалық деңгейде күшейтілді. Тиісті ережелер алғаш рет жаңа Конституцияда бекітілген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлағандай, сондай-ақ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға енгізілген заңнамалық түзетулерге сәйкес шектеулі дербес деректерге қол жеткізу кезінде қосымша қорғау шарасы ретінде міндетті биометриялық аутентификация көзделген.
Бұл медициналық, коммерциялық, банктік, отбасылық және басқа да құпияларды қамтитын мәліметтер базасы.
«Енді дербес деректердің таралуы туралы мемлекетке ұйымдар ғана емес, азаматтардың өздері де хабарлауы қажет. Бұл ұйымдардың жауапкершілігін арттырады және адамдарға өз деректерін қорғау үшін уақытылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», – деді спикер.
Сондай-ақ мемлекеттік органды міндетті түрде хабардар ететін дербес деректердің ірі операторларының тізілімі енгізіледі.
Бұдан басқа, дербес деректердің сәйкестендіргіші деген жаңа ұғым енгізілді, оған ТАӘ; ЖСН; субъект тұлғасының бейнесі; тұлғаның биометриялық векторы жатады.